Алматыда Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында «Көктем бүрлері» жыр мүшәйрасының жабылу салтанатына арналған поэзиялық кеш өтті.
Жыр кешін «Тамшы» ғылым және мәдениет қоғамдық қоры ұйымдастырған.
Кеште Әлия Іңкәрбек, Нұрсәуле Сәулет, Еркін Исахан сынды жас таланттар марапатталды. Сонымен қатар, келушілер назарына поэзиялық композициялар мен театрландырылған көріністер ұсынылды.
Дәурен ДАРИЯБЕК