ШҚО-да өзендер ластанып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да өзендер ластанып барады

01.03.2023

Шығыс Қазақстан облысындағы кейбір өзенде ауыр металдар қалыпты мөлшерден артық. Судың шамадан тыс ластанып жатқаны зерттеу кезінде анықталды. Аймақтағы өзен-көлдердің эко-жүйесіне қатысты соңғы талдау нәтижесін тілшіміз Олжас Керейхан біліп қайтты.

Судың температурасы қазіргі сәтте -4 градусты көрсетіп тұр. Градусты көрестіп тұрғанмен Ертістің екі сағасын әлі мұз басып жатыр. Қазгидромет мамандары өңірдегі барлық өзіннен ай сайын осылай сынама алады. Алғашқы зерттеу мен талдау өзеннің жағасында-ақ басталады. Негізгі талдау арнайы зертханада жасалады.

 Олжас Керейхан, тілші:

Әрбір өзен мен су қоймасынан алынған сынымалар осы зертханада зеттеледі. Бір ғана өзен суы мындай құтыларға құйылып 48 түрлі көрсеткіш бойынша талданады. Сол талдаудың нәтижесі бойынша аймақтағы өзен- көлдерге мониторинг те жүргізіледі.

Ашық су көздерінің ластануын мамандар бірнеше санатпен өлшейді. Бесінші сыныпқа жетсе өте ластанған болып саналады.

Құралай Нұрлыбекова, инженер химик:

Глубочанка өзені жоғары ластану байқалады. Марганец көрсеткіші бойынша. Риддер қаласында Брекса, Үлбі өзендері. Бұл өзендердің құрамы жылдың әр мезгіліне қарай өзгеріп отырады.

Өзгеріп тұруының себебі бұл өзендер өндіріс көп шоғырланған аудандар мен қалалардың іргесінен ағады. 40-50 жыл бойы тау болып үйіліп қалған қалдықтар көктемде қарғын сумен өзен-көлдерге құйылады.

Рауан Тұраров, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

2020 жылдан бастап алғанда тек қана суды ластаған фактлер бойынша біз барлығы 2 миллиардтай теңге көлемінде айыппұл салынды ірі мекемелерге.

Ал бұрыннан суы лас өзендерді сүзгі арқылы тазарту жобасы бар. Бірақ оны жүзеге асыру үшін, экологтардың есебінше, бірнеше миллиард теңге керек.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу