Бүгін - алғыс айту күнініе орай бейбіт күннің батырларына алғыс білдіріп жатқандар да бар. Түрлі оқыс оқиғаларда қауіп-қатерге қарамастан өзгенің өмірін құтқарып қалған азаматтар көп. Сол батырлар жайлы тілшіміз баяндайды.
Өртте мына екі балапанды аман алып қалған азаматтарға алғысым шексіз... айта алмаймын.
Сәкен Қазбайұлы өз баласына алғыс айтып, көңілі босап отыр. Ұлы Әділхан өртеніп жатқан үйде екі сәбидің бар екенін естіп, ойланбастан от пен көк түтіннің ішіне кіріп, оларды ес-түссіз жатқан жерінен алып шыққан.
Сәкен Қазбайұлы, Сарыкөл ауылының тұрғыны:
Үй жанып мына екі балапанды құтқарып қалды. Ауылымыздың медсестрасы, мұғалім ерғанат деген жігіт. Сосын Қазбай Әділхан менің балам. Сол балаларға мың алғыс.
Аман қалған екі баланың ата анасы Әділхандай батырды тәрбиелеп өсірген жандарға тағы бір ризашылығын білдіру үшін алғыс күнін сылтау етіп, қонаққа шақырып, рахметін айтты.
Ержан Рымбекұлы, Сарыкөл ауылының тұрғыны:
Бүгінгі алғыс күнінің себебінен алғыс айтамын деп, көмек берген еліме, барша қазағыма, басқа ұлтьтарға кім көмегін берді алла разы болсын және де мына қазыбай сәкенұлына алғыс айтамын
Оқыс оқиғаларда қауіп-қатерге қарамастан өзгені құтқарып қалған батырлар көп. Өкінішке қарай, қайғылы жағдайлар да болды. Үш бірдей адамды өрттен аман алып шыққан Асқар Забикулиннің ерлігі тұтас елдің жүрегін елжіретті. Асқар батырлықтың асқар биігін көрсетті. Жалында кеткен жас ғұмыр.
Света Нұртазина, өртенген пәтердің иесі:
Айтарым сол әке-шешесіне, сабыр сақтасын, сіздердің балаларыңыз батыр. Мықты бала. Мықтылығынан осындай жұмыста жүрген шығар ол. +++ артында қалған ұрпағы аман болсын!
8-ші қабаттан құлағалы тұрған баланы аман алып қалған Сәбит Шонтақбаев та бейбіт күннің батыры. Бүгінгі алғыс айту күнінде тап осындай ерлік жасаған азаматтарға құрмет білдіру керек дейді көпшілік.
Батырлары ғой қазіргі. Өскелең ұрпаққа тәрбиені көрсетіп кетті деймі. Қазақ халқы құрметтейді оны мәңгілікке, сенімдемін
Олар ерлік істеймін деп емес, адам өмірін құтқарамын деп кіріп кетті. алғыс айту керек.
Сондай азаматтар көбейсе деп ойлаймын. Әрине үлгі. үлкен үлгі болып тұр
Қорыта айтқанда, екінің бірі өзге үшін өз басын қатерге тіге бермейді. Сондықтан, ерлік істеген азаматтарға алғыс айтып, оларды үнемі үлгі-өнеге етіп жүрсек игі. Һәкім Абай мінез жұғады дегендей, батырлық та жұғар.
Азамат Бейбітұлы