Қарағанды қаласында заңсыз қазандық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды қаласында заңсыз қазандық анықталды

01.03.2023

Қарағанды қаласының Күнгей ықшам ауданында заңсыз жұмыс істеп тұрған қазандық анықталды. Осы маңдағы 60-қа жуық үйге жылу беріп тұрған нысанның рұқсат қағаздары жоқ екені тексеріс кезінде белгілі болды. Жергілікті халық қазандықты «Байқоңыр» деп атап кеткен. Себебі мұржасынан қызыл жалын шыққанда ұшып бара жатқан зымыранға ұқсайды. Тұрғындардан көмір мен күлден көтерілген шаң-тозаң және қою түтінге шағым көп. Экологтар қазандықтың жұмысын тоқтатуды талап етіп отыр.

Владимир Пантюхин, қала тұрғыны:

Қазандық тұрғын үйге тым жақын орналаспау керек қой. Мұржадан шыққан қою түтіннен тұншығамыз. Жел терісінен соқса екен деп күнде тілеп отырамыз. Ал көмір мен күлден ұшқан шаң үйдің ішіне дейін кіреді. Айнала қара күйе. Біздің талабымыз үйден алыстау жерге апарсын.

Дархан Есжанов, облыстық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Ол қазандық бойынша біз тексеріс шараларын жүргіздік. Айыппұлға тарттық. Дегенмен де экологиялық рұқсат қағаздары болмаған себепті қазіргі таңда біз сотқа жүгіндік. Қазандықтың жұмысын тоқтату туралы қазір сот қарап жатыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу