«Қошқар ата» радиациялық қоймасын залалсыздандыру жұмысы биыл жазда жалғасады. Қазір жобаның құны қайта есептеліп жатыр. Өйткені, инфляцияға байланысты осыған дейін бөлінген ақша 4200 га жерді рекультивациялауға жетпей қалған. Жоба осымен екінші рет түзетуге жіберілді. Алғашқысында залалсыздандырылатын аумақ көлемі қысқарған. Ендігі түзету кезінде жоба құны бірнеше есе өсуі мүмкін. Бұған дейін хабарлағанымыздай, радиациялық аумақты қалпына келтіру жұмыстары 2025 жылға дейін ұзартылды.
Ербол Денов, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
Жаз айларында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп күтеміз. Қазіргі таңда сол 17 млрд болатын жоба 45-50 млрд-қа қымбаттауы мүмкін. Қымбаттаған жағдайда біздегі қаржы мәселесінің 90 пайызы республикалық, 10 пайызы біздің жергілікті жердің бюджеті есебінен қаралады.