Блинкеннің Қазақстанға сапары – әлемдік БАҚ назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блинкеннің Қазақстанға сапары – әлемдік БАҚ назарында

28.02.2023

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Астанаға сапары, әлемнің маңдайалды басылымдарының да назарынан тыс қалған жоқ.

«Франс-пресс» агенттігі бұл туралы материалын «Блинкен Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайды» деген атпен жариялады. Онда автор Вашингтонның қарым-қатынасты тіпті нығайтуға бел байлағанын да атап өткен. Ал Американың «Ассоушиэйтед пресс» агенттігі «Блинкен – Орталық Азияда» деген ақпарат таратты. Онда АҚШ-тың бас дипломатының біздің өңірге алғаш рет мемлекеттік хатшы ретінде келгені айтылған. Бұл сапар туралы «Рейтер» де мақала жазды. Онда: Блинкен президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен жүздесіп, Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын Вашингтонның қолдайтынын мәлімдеген.


Хабарламаларға жазылу