Президент АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады

28.02.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады. "Сапарыңыз стратегиялық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан өте маңызды. Құрама Штаттар, аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізді тұрақты қолдап келе жатқаны үшін ризашылығымды білдіремін", – деді Президент. Өз кезегінде Энтони Блинкен қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ Президентінің сәлемін жеткізді. Сонымен қатар Америка дипломаты Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерге жоғары баға берді. 

Хабарламаларға жазылу