Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына үміткерлер табыс декларацияларын дұрыс көрсетпегені үшін сайлаудан шеттетіледі. Өткен аптада ғана осыған байланысты 28 дерек анықталды. Журналистерге брифинг өткізген «Адал сайлау үшін» штабының мүшелері жер-жердегі сайлау комиссиялары заң бұзған кандидаттар бойынша шешімдерін шығаратынын мәлімдеді. Ал сайлау комиссияларының шешімімен келіспеген үміткерлердің сотқа арыздануына құқығы бар. Бұдан бөлек, үгіт насихат шараларын ерте бастап кеткен кандидаттар да саяси додадан алынып тасталады.
Әбдікәрім Ақжанов, Қазақстан заңгерлер одағы төрағасының орынбасары:
Ең көп бұзушылық 18 ақпанға тоспай, 2-3 күн бұрын агитация жұмыстарын басталған. Сондықтан олардың бәріне жергілікті сайлау комиссиялары баға берді. Негізі ондай да факт болды. Олар да біреулер сотқа беріп жатыр. Біреулер прокуратураға беріп жатыр. Біреулердің өндірілмей қалды келісіп сайлау комиссияларының шешімдерімен.
Ламбриан Топузидис