Мәжіліс сайлауы: 111 шетелдік байқаушы аккредиттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс сайлауы: 111 шетелдік байқаушы аккредиттелді

27.02.2023

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді. Саяси аламанды бақылайтын 111 халықаралық байқаушы тіркеуден өтті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Ол 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымның өкілдері. Сыртқы істер министрлігі тағы 2 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушыны аккредиттен өткізу бойынша ұсыныс берген.

Асылбек Данияр



Хабарламаларға жазылу