Шығыс Қазақстан облысында 71 елдімекенді су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 71 елдімекенді су басуы мүмкін

27.02.2023

Шығыс Қазақстан облысында күн райы күрт жылынса 71 елдімекенді су басу қауіпі бар. Глубокое, Шемонайха, Алтай, Самар ауданы мен Риддер қаласында биыл қар былтырғыдан 3-4 есе көп жауды. Сондықтан қарғын суды болдырмау жұмыстары қаңтар айында басталып кетті. Әр ауданда арнайы штаб құрылып, осы уақытқа дейін аймақта 300 мың текше метр қар шығарылған. Тасқынға тосқын қою бойынша құрылған облыстық штаб қызметкерлері бүгін Глубокое ауданындағы жұмыстарды пысықтады. Өйткені бұл өңірдегі 15 ауылды су басуы мүмкін. Алдын алу және ескерту жұмыстарына волонтерлар да көмектесіп жатыр.

Арман Тоқанов, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Су тасқыны жағдайында дереу ден қою үшін қажетті мөлшерлерде күш пен құралдар тобы халықты эвакуациялау үшін уақытша орналастыру пунктері әзірлікке келтірілген. Жалпы облыс аудағындағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Және үнемі бақылауда.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу