Тәжікстанның солтүстігінде қар көшіп, 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжікстанның солтүстігінде қар көшіп, 3 адам қаза тапты

27.02.2023

Тәжікстанның солтүстігінде қар көшіп, 3 адам қаза тапты. Оқиға Соғды облысына апаратын Душанбе-Чанак тас жолында болған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Муссо» автомашинасын қар басып қалды. Айта кетсек, ақпанның 10-да Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық аймағында дәл осындай көшкіннен 17 адам мерт болып, бірнеше үй қираған еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу