Сайлау заң шеңберінде өтуі тиіс. Ол үшін комиссиялар, кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері өз жұмыстарын заң аясында атқаруы қажет. Ақтауда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қатысуымен өткен көшпелі семинар-кеңесте, осы мәселелер талқыланды. Сондықтан, саяси науқанды ұйымдастыратын учаскелік, округтік және аймақтық сайлау комиссия өкілдеріне, сайлау туралы заң нормалары мен жұмыс ережелері түсіндірілді. Астаналық делегация кандидаттар және байқаушылармен кездесті. Сондай-ақ, аудандардағы сайлауға дайындықты көрді.
Шавхат Өтемісов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Осы жердегі сұрақтар болса, сол сұрақтарға жауап беру. Және де тиісті учаскелік, аумақтық, округтік сайлау комиссиясы мүшелерімен практикалық форматта кездесу өткізу. Яғни, қандай мәселелер туындауы мүмкін, ол мәселелерді қалай шешеміз деген оймен.
Аягөз Оралбайқызы