Кім күшті? Дәлірек айтсақ, кім білімді? Адам ба, жасанды интеллект пе? Соңғы уақытта нейрожүйенің мүмкіндіктері көп талқыланып жүр. Ал осы аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қандай мамандарды «жасанды интеллект» ауыстыратынын айтқан. Ведомства мәліметінше, 2030 жылға қарай 5 салада кейбір қызметтер автоматтандырылады. Мысалы, ауыл шаруашылығына қорап ораушылар, құрылыста шыны кесушілер, машина жасауда қоймашылар қажет болмайды. Мұнай-газ өндірісінде операторлар пилотсыз дрондарға ауыстырылады.
Ал 3 салада «нейрондық желілермен» жұмыс істейтін компьютерлік бағдарламалар көбейеді. Ақпараттық қолдау көрсететін байланыс орталығынан операторлар, веб-сайт техниктері, цифрлық ақпаратты өңдеу шеберлері жоғалады. Адам ресурстарын дамыту орталығының болжамынша, сервистік кәсіптердің 22 пайызы автоматтандырылады. Бұл салада қазір жалпы жұмыспен қамтылғандардың 7 пайызы істейді екен.Былай көп емес сияқты. Бірақ, соңғы кезде жаңа технология тез дамып жатыр. Мысалы, Америкалық ChatGPT жобасы қазір кең танылып, сұранысқа ие болуда.
1 ай бұрын Қазақстандық «DALA INSIDE» телеграмм арнасының иесі Думан Бықай facebook желісіне: «Біздің арнамыз Microsoft инвестиция салған Open AI компаниясының жасанды интеллектісін енгізуге кірісті. Болжауымызша, бір жылдан кейін жасанды интеллект қазақша пост жазып үйренеді» деді.
Ал суретші Аңсаған Мұстафа: «Ұлым Мама енді суретшілердің керегі жоқ мынаны қара деп, мына суретті нейросеть деген программада жасады.» деп жазды. Сурет адам салғаннан кем емес. (суреттік көрсету бөлек) Осы мысалдардың өзі «жасанды интеллектің» өмірімізге енгенін көрсетсе керек.
Бірақ «Жасанды интеллекті зерттеу орталығының» мамандары бұл бағдарламалар қазақ тілінде жұмыс істеуге қауқарсыз. Ол үшін еңбектену қажет.-дейді. Сонда жасанды интеллект қашан қазақша ойлап, қазақша сөйлейді? Сол кезде қандай мамандықтардың орнын басады? Оны Аманкелді Сейтхан зерттеп көрді.
Тағы бір мәселе, ChatGPT жобасын ойлап тапқан ғалымның өзі бұл бағдарлама қауіпті деген пікір айтты. Ол қандай қауіп?
Өткен ғасырдың 50-жылдары «Жасанды интеллект» ұғымы пайда болды. Бұл терминді естісек бізге фантастикалық фильмдердегі роботтар елестейді. Бірақ, «жасанды интеллект» ауқымы одан кең.
«Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет Джон Маккарти есімді америкалық ғалым қолданды. Ол басында математикалық теоремаларды автоматты түрде дәлелдеуге арналған компьютерлік бағдарлама еді. Кейін жүйе алгоритмдік жұмыспен ғана шектелмей, білім жинау, талдау жасау, мәселе шешу, жоспарлау, болжау сияқты функияларды үйренді. Яғни, тура адам сияқты «жасанды интеллектіге» ойлау қабілеті енгізілді. Ол үшін адам миындағы нейрондық желілердің сандық форматтағы көшірмесі жасалды.
Осы ізденістердің нәтижесі «ChatGPT» жобасы. Бағдарлама әлемді таң қалдырды. Өйткені, күрделі есептерді тез шығарып, өлең жазып, сценарий құрастырып, әзіл айтып, компьютерлік кодтарды да түзеді. Білмейтіні аз. Керек болса журналистердің спикерге сұрақ қоюына көмектеседі.
Ғизат Маханов, робототехника маманы:
Мысалы, жасанды интеллект туралы журналистің 8 сұрағы десеңіз. Ол 5 секундта 8 сұрақты маған жазып берді. Енді осы 8 сұрақ негізінде сіз көресіз де, кішкене өзгертесіз де, бұрында мысалы 15-20 минут уақыт кетсе, енді 5 минут, және сұрағыңызда қызығырақ болады.
ChatGPT жадына интернетке 2021 жылға дейін салынған барлық ақпарат енгізілген. Көлемі 45 тирабайт. Яғни, деректер базасы бай. Сондықтан кез келген сұраққа жауап беріп, ауырған адамға қандай ем қолдану керегін айтып, адвокаттық кеңес беріп, органдарға шағым жаза алады. Ехселлмен де еркін жұмыс істейді.
Мысалы, мына жерде бағана айтқандай кімнің твиттер аккаунттары керек деп сұрасаңыз. Мына жерде жасанды интеллект Мында Ақорда пресс деп шығарып берді. Бұған сіз 5 минут уақыт жоғалтсаңыз, мында 2 секундта.
Чат іске қосылғанына екі айдан асса да, қолданушылар саны жүз млннан асты. Инстаграм мен тик-токтан озып кетті. Жақында АҚШ конгрессінің депутаты осы чат жазған баяндаманы Капитолийда оқыған. Ал Ресейлік студент жасанды интеллект жазған «студенттік жұмысты» жоғары бағаға қорғап шыққан.
Ғизат Маханов, робототехника маманы:
Осы модельге қандай ақпарат енгізсеңіз ол өзі ойланып шешім шығарады. Бірақ, оны қалай шығарады? Не үшін үйтіп шығаратынын анық ешкім айта алмайды. Ода 175 млрд параметр бар. Оның әрқайсысы результатқа қалай әсер еткенін ешкім айта алмайды. Жасаған адамдарда айта алмайды.
Бағдарлама 100-ге жуық тілде ақпарат береді. Ішінде қазақ тілі де бар. Бірақ, шорқақ. Өйткені, интернетте қазақша ақпарат аз. Екіншіден, бағдарлама қазақша сөйлеу заңдылығын меңгермеген.
Алтынбек Шәріпбай, «Жасанды интеллект» ҒЗИ директоры:
Біз қазір қанша оған берсек те ол жұмыс істей алмайды. Себебі оның білім базасы толық емес. Оны үйрету керек. Ол ағылшын тілінде академик болып кетті. Қазақ тілінде жоқ. Ол қазақ тілінде қалыптастыру үшін қазақ тіліндегі мәтіндерді біздің айтқан технологиямен жасау керек.
Яғни, қазақ тілінің грамматикасы мен синтаксистік, морфологиялық талдауларын үйрету керек.
Тек жай сөйлемдермен жазу керек. Егер бір жай сөйлем жетпесе онда және, немесе деген жалғау қосу керек. Ал, құрмалас сөйлемдер бар ғой жаңағы Ондай жазуға болмайды. Мына ағылшын тілінде де сөйлемді күрделі жазсаң түсінбей қалады.
Демек, бағдарламаның қазақша сөйлеуіне әлі алыс. Бірақ, отандық ғалымдар осыған ұқсас өнімдер жасап жатыр. Мысалы, Назарбаев Университетінің ғалымы Рүстем қазақша аудионы сол сәтте мәтінге айналдыратын бағдарлама әзірлеген
Бағдарлама ауызша айтылғанда мәтінге айналдырып қана қоймай, оған интернеттен жауап тауып береді. Әттеген-айы, деректер қоры аз. Ал, қосымша көп қателеспеуі үшін оның білімін көбейту керек,-дейді Рүстем.
Рүстем Ешпанов, Назарбаев Университеті «Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының» техникалық жазушысы:
Неғұрлым аз деректер болса соғұрлым тану көрсеткіші төмен. Мысалы, қараңыз қазақша деректер 330 сағат болды, сол үшін 1,5 пайыз. Ал Әзербайжан тілінде 0,3 сағат дерек. Ал қателесу 26 пайыз. Не себепті? Өйткені, деректер аз да. -Тура адам сияқты ғой, көп білген сайын аз қателеседі.
Жүйе қазақ тіліне ұқсас басқа түрік тілінде енгізілген ақпаратты өңдеп те, ортақ заңдылықтарды өз бетінше үйренеді.
Ал Ақнұр адамдардың дұрыс тамақтануына көмекші құрал жасап жатыр. Қазір жобасын нутрицология саласындағы халықаралық журналға жіберіп қойыпты.
Ақнұр Қарабай, Назарбаев Университеті «Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының» деректер талдаушысы:
Адамдардың не жеп жатқанын қалай есеп жүргізеді, олар қағазға жазады. Көбінесе ұмытып кетеді, дұрыс емес ақпарат береді. Сондықтан, шынайы жеген нәрселерімен берген ақпаратымен сәйкес келеді. Сондықтан, біздің істеп жатқанымыз суретке түсіріп, суреттен қандай тамақ екенін ақпаратты анықтау.
Ақнұрдың жобасы орталық Азия халқы көп тұтынатын тағамдар құрамын анықтап, сол арқылы дұрыс тамақтануға кеңес береді.
Ақнұр Қарабай, Назарбаев Университеті «Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының» деректер талдаушысы:
Мысалы, сіздер ұннан, еттен жасалған тамақтар жейміз. Көкөністер аз. Сол бойынша не нәрсе қосу керек күнделікті диетамызға сондай кеңес беруі мүмкін.
Бірақ, компьютер қателесуі де мүмкін. Өйткені, тамақты тану өте қиын, ол үшін суреттерді көп жүктеп, оларды дәл үйрету керек,-дейді Ақнұр. Ал жалпы, әлемдік ғалымдарды алаңдатып отырғаны да осы. Мысалы, біз басында сөз еткен ChatGPT ішінде де қате, тексерілмеген, бұрмаланған мәліметтер көп. Сондықтан, кейде жалған ақпарат беруі мүмкін. Сол себепті, АҚШ-тағы кейбір мектептер бағдарламаға тыйым салған. Ал,Алтынбек Шәріпбай жалпы «жасанды интеллекті» абайлап қолданбаса қауіпті,-дейді.
Алтынбек Шәріпбай, «Жасанды интеллект» ҒЗИ директоры:
Бір адамның басында бір адамның миы ғана бар. Ал анаған мықты, мықты бірнеше ғалымдардың несі салынады ақыл-ойы. Ережелері. Мысалы, жай адамда 5-ақ ережесі болса, бұларда мың ереже болады. Біраздан кейін ол өзін-өзі самообучение деген бар. Бар ережеден жаңа ереже шығарады, содан кейін оны тағы қосып алады да тағы дамиды. Оның тапқан ережесін адам оқи алмауы мүмкін ия, Мүмкін, біз әлі жеткен жоқпыз ғой.
Ал қаупінен пайдасы көбірек болуы үшін тиімді қолдана білу керек.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Қазір ақпарат ағыны өте көп. Бір адам күніне қанша ақпарат қабылдайтынын ешкім нақты білмейді. Калифорния Университетінің ғалымдары бір америкалық бір күнде көлемі 34 гигабайт болатын аудиовизуалды ақпарат қабылдайтынын анықтаған.
Бұл дегеніңіз 3 Гб-тық мынадай флешканың 10-ына сиятындай материал.Ал, мұның бәрін тез қорытуға көп адамның миы үлгермейді. Канаданың Кингстондағы Корольдік Университетінің ғалымдары бір адам бір күнде сол үшін 6 мың рет ойланатынын айтқан.
Ал, «жасанды интеллект» дамыса, адам сол ойға жұмсаған уақытын компьютерге тапсырып, жүктемесін едәуір азайтады.
Осындай жағдайда болашақта қандай мамандықтардың орнын «жасанды интеллект» басуы мүмкін?
Ғизат Маханов, робототехника маманы:
Жазушылар, журналистер тіпті маркетологтардың жұмысын ауыстыруы мүмкін. Екіншіден аналитикамен жұмыс істейтін мамандықтарға да әсер етеді, брокерлар, финансовый аналитиктер. Үшінші қазір программистерге әсер етеді, себебі ол жеңіл-жеңіл кодтарды өзі жазып береді. Мынау жасанды интеллект ағылшын тілдегі мұғалімдерден жақсы нәтиже көрсетеді. Егер де мектептерде мынадай маған шығарма жазып бер десеңіз ағылшынша ол жазып береді. Ал, мектептегі мұғалім жоғары деңгейде ағылшын тілін білмесе, ол түсінбейді де. Қазір тіпті АҚШ-та мектеп деңгейіндегі ағылшын тілін басты деп тұжырымға келіп отыр.
Ал біз үшін компьютерлік бағдарламалардың қазақ тілінде еркін сөйлегені маңызды. Әйтпесе, технология дамып, бар жұмыс соған артылған сайын қазақ тіліне сұраныс та азаюы мүмкін.
Аманкелді Сейтхан