Шара Астрахань мемлекеттік опера және балет театрында өтіп, 750 орындық театрда бос орын қалмады.
Сахна шымылдығы атақ-даңқы көптеген елдерге танымал Дина Нұрпейісова атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы «Көңіл ашар» туындысымен ашылды.
Атыраулық өнер ұжымы қазақтың күй дүлдүлдерінің бірнеше шығармаларын орындап көрермендерді бай мұрамызбен таныстырды.
Бұдан бөлек, театр сахнасында Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов пен Бекболат Тілеухан, «Астана Опера» театрының солисі Салтанат Ахметова мен қазақ эстрадасының жұлдыздары да өнер көрсетті.
Қазақ өнерінің құдіретіне, әртістердің шеберлігіне тәнті болған көрермендер орындарынан тік тұрып қошемет көрсетті.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ