Жанар-жағармай тасымалына шектеу ұзарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар-жағармай тасымалына шектеу ұзарды

24.02.2023

Жанар-жағармайды көлік тасымалы арқылы елден шығаруға қойылған шектеу тағы 6 айға ұзарды. Мұндай шешім энергетика министрлігінің ұсынысымен қабылданды. Тізімге: бензин, дизель отыны мен кейбір мұнай өнімдері енген. Тек, авиациялық отын бойынша тиісті құжаттар болған жағдайда өнімді сыртқа шығаруға рұқсат беріледі. Заңсыз жанар-жағармай тасымалын ішкі істер министрлігі бақылауға алады. Алдағы көктемгі дала жұмыстары кезінде бензин мен дизель отынының тапшылығын болдырмау мақсатында Үкімет осындай қадамға барып отыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу