Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азияға ортақ арнайы хабы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азияға ортақ арнайы хабы ашылады

24.02.2023

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азияға ортақ арнайы хабы ашылады. Бұл - ұйымға мүше елдердің біріккен жобаларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен ұйым құрамына кіретін агенттіктер басшыларының қатысуымен өткен жиында осы жаңалық айтылды. БҰҰ өкілдіктерінің Қазақстанда ашылғанына 30 жыл. Осы бір айтулы датаға орай 18 елдің өкілі арадағы ынтымақты нығайту жайын талқылады. Айта кету керек, елімізде 27 агенттік болса, соның басым бөлігі Алматыда. Осыдан екі жыл бұрын олардың басын біріктіру үшін арнайы ғимарат салынған. Жиын соңында сол нысанға «БҰҰ Плаза» деген атау берілді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі:

Қонақжайлылығымызды білдіріп, осындай үлкен ғимаратты беріп отырмыз. Ол ең алдымен Президент тапсырмасымен жүзеге асты. Осы Алматы қаласында аймақтық, халықаралық хаб ретінде дамуына үлкен үлес қосады деп білеміз. 

Микаэла Фриберг, БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестіруші:

Соңғы 30 жылда БҰҰ Қазақстан үкіметімен және қазақ халқымен бірігіп үлкен жұмыс атқарды. Мұқтаж елдерге гуманитарлық көмек жіберу, халықаралық байланысты нығайту салаларында, одан кейін пандемия кезінде маңызды шаралар атқарылды. Әрі қарай да ынтымағымыз беки түседі деген үміттеміз.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу