Қытайдағы Ішкі Моңғолияда көмір шахтасындағы іздеу-құтқару жұмыстары қайта жалғасты. Бұл операция өткен тәулікте лай көшкініне байланысты тоқтап қалған еді. Соңғы мәліметке қарағанда, шахтаның құлауынан кемінде 6 адам қаза тапты, 47 жұмысшы жоғалып кеткен. Оларды іздеуге ауыр техникамен бірге иттер де тартылып жатыр.
Айта кетсек, Ішкі Моңғолия - Қытайдағы көмір өндіретін ең ірі аймақтардың бірі. Елде жылу бағасын түсіру үшін мұнда отын өндірісі кейінгі кездері мейлінше күшейтілген.
Арыстан Рысбек