Өтемақы түсетін депозиттен бүгіннен бастап қаражат алуға болады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осындай ақпарат таратты. Ақшаны шешу үшін 2 миллион 600 мыңнан аса азамат өтініш берген. Салымшылар бүгіннен бастап, депозитінен ішінара немесе толығымен ақша алуға құқылы. Өтемақысы сақталады. Ал сыйлықақы салым бойынша банк төлейтін сыйақы мөлшерлемесінен бөлек есептеледі. Сондықтан ақша алар кезде банк шартымен танысып алған жөн.
Айта кетейік, 10% мөлшеріндегі өтемақы теңгемен салынған депозитке берілді. Мерзімді, мерзімсіз, білім беру және тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына қолданылды. Бағдарламаға өтініш қабылдау кеше аяқталды.
Асылбек Данияр