АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

24.02.2023

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Сапар 28 ақпанға жоспарланған. Астанада Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай ақ Вице- Премьер, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Энтони Блинкен және Орта Азия елдері сыртқы ведомство басшыларының қатысуымен кездесу өтеді.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу