Ақмола облысындағы Аршалы аудандық жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры пара алғаны үшін жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы Аршалы аудандық жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры пара алғаны үшін жазаланды

23.02.2023

Жалған құжат жасап, жарты млн теңге пара алғаны үшін 16 млн теңге айыппұл төлейді. Сот мұндай жазаны Ақмола облысындағы Аршалы аудандық жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директорына тағайындады. Мемлекеттік мекеме басшысы «Бизнес-Бастау» жобасы бойынша, кадрларды қайта даярлау үшін тендер жариялауы керек болған. Бірақ ол жеке серіктестікпен тікелей келісімшарт жасап, бұл үшін 560 мың теңге ақша алыпты. Сондай-ақ, іс-сапарға шығу туралы жалған құжат жасап, 800 мың теңгені жымқырған. Лауазымды тұлғаның кінәсі сотта толық дәлелденді. Пара берген адам да жазаға тартылды.

Күләш Домалақова, облыстық Сот баспасөз қызметінің басшысы:

Пара берген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорына 11 миллион теңгеден астам айыппұл тағайындалды. Сотталушылар қылмысын толықтай мойындады. Сондықтан да бұл қылмыстық іс келісім іс жүргізу түрінде қаралды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу