Америкалық Pfizer компаниясы Қазақстанда пневмония мен пневмо-кокк жұқпалы аруларына қарсы екпе шығаруды көздейді. Өткен жылы қыркүйекте Мемлекет басшысы Нью-Йоркке жасаған сапары барысында Pfizer компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Жобаны сәтті іске асыру үшін еліміздегі нормативтік база мен фармацевтика өндірісін жетілдіруге қомақты инвестициялар қажет. «Prevenar 20» деп аталатын екпе пневмо-кокк инфекциясының алдын алып, ересек адамдар мен балалардың иммунитетін нығайтуға бағытталып отыр.
Ламбриан Топузидис