3,5 миллион адам ЖРВИ жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

3,5 миллион адам ЖРВИ жұқтырған

21.02.2023

Эпидемиологиялық кезең басталғалы үш жарым миллиондай адам жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған. Оның екі миллионнан астамы 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты. Дәрігерлер вирустың таралуы жылдағыдан ерте басталғанын жеткізді. Сондықтан ауырған адамдардың саны көп. Дегенмен тұмау жұқтырғандар өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есеге азайған. Мамандар коронавирустан сақтану керектігін ескертті. Елде ковидтің «омикрон» штаммы әлі де тіркеліп жатыр. Жыл басталғалы жұқпалы инфекциядан 10 адам көз жұмған. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу