Оқу-ағарту министрлігі: Балабақшалардың қауіпсіздігі тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқу-ағарту министрлігі: Балабақшалардың қауіпсіздігі тексеріледі

21.02.2023

Петропавл мектебіндегі оқиғадан кейін елдегі балабақшалар да тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Ерте жастағы балаларды дамыту институты директорының сөзінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бейнебақылау камерасын орнату міндеттелген. Алайда, бірқатары бұл талаптарды сақтамай отыр. Министрлік тиісті техникасы жоқ білім беру ұйымдары анықталса, қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Манара Адамова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің институт директоры:
Бұған дейін жұмыс істеп келе жатқан балабақшаларда күзет ұйымы деген бар. Ол жерде ол штаттағы қызметкерлер. Штаттағы қызметкерлердің барлығын сол күзетпенен қамтамасыз ететін құрылымдардың жұмысына ауыстыру үшін оған қосымша қаражат қажет етеді.

Бұдан бөлек, министрлік балабақшалардағы тәрбиеші жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Бүгінде 15 мыңға жуық қызметкер тапшы. Оның 6 мыңдайы ауыл-аймақтарға қажет. Маман тапшылығы жалақының аздығынан болып отыр. Бүгінде бұл салаға енді келген маман 90 мыңға жуық жалақы алады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу