Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында, жас кандидаттарды қолдау блогы құрылды. Бастамашыл топтың құрамында белгілі журналистер мен блогерлер бар. Мақсат – сайлауға түсетін жастарға ақпараттық қолдау көрсету. Бұл ешқандай саяси ұйым емес. Кейде өз білімімен, өз күшімен жүрген, айтары бар азаматтардың үні дауыс берушілерге жетпей жатады. Сондықтан жастардың депутат болуына барынша ықпал етуге тырысамыз дейді баспасөз жиынын өткізген ұйымдастырушылар.
Ерқанат Көпжасарұлы, журналист:
Нағыз халықтың қамын ойлайтын, елді ойлайтын, ертеңді ойлайтын, білгір, білімді терең азаматтар бізде өте көп. Бұл жерде бір партияны қолдау немесе тек қана бір партиияның сойылын соғу деген мәселе жоқ. Можариталдық жүйемен барып жатқан, пропорционалдық жүйемен барып жатқан барлық жастарға қолдау көрсетуіміз керек.
Қуан Нұрақын