Тараз қаласының тұрғындары 4 жылдан бері тиесілі баспаналарына кіре алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласының тұрғындары 4 жылдан бері тиесілі баспаналарына кіре алмай жүр

20.02.2023

Тараз қаласының тұрғындары 4 жылдан бері тиесілі баспаналарына қол жеткізе алмай жүр. Олар 2019 жылы жаңадан салынатын таунхаус типтегі тұрғын үй кешеніне қаржы құйған. Алайда құрылыс бүгінгі күнге дейін аяқталмады. Ал қала билігі мердігер тарапынан заңсыз әрекеттер анықталса, бұл алаяқтық іс болуы мүмкін, дейді. Үш бөлмелі үйлердің бағасы алғашында 15 миллион теңгеге бағаланған. Тұрғындар құрылыс компаниясымен өзара келісімшарт жасасып, 30-40 пайызға дейін қаражат құйған. Алайда, пандемия басталғанда құрылыс уақытша тоқтап, кейін материал қымбаттады деген желеумен кәсіпкер үйдің бағасын да көтеріп жіберген. Ал салымшылар бұл шартпен келіспейді.

Гүлстан Қасымова, қала тұрғыны:

Менің талабым қазір маған үйімді бітіріп берсін. Құжаттарымның бәрін қолыма берсін. Сол сападағы 17 миллионның үйін алдымен беріңдерші. Егер сапасын көріп тұрсам мен үстінен қосқаннан қашпаймын.

Нұрбол Қалдыбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

Заң аясында қарастырып, сосын шешім қабылдаймыз. Негізі бұл жақта менің ойымша алаяқтық болып тұр. Бұны енді біз құқық қорғау органдарына жолдауға мәжбүр боламыз.

Нұрдос Болатұлы


Хабарламаларға жазылу