Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында көшелерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында көшелерді су басты

20.02.2023

Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суы аулаларға жайылып, үйлерге дейін кірген. Тұрғындар әкімдік пен коммуналдық сала қызметкерлерінің жедел әрекет етпей отырғанын наразы. Жамбыл ауданы әкімдігінің ақпаратына сай, өткен демалыс күндері 11 үйді су басты деген қоңырау түскен. Қазір жағдайды қалыпқа келтіру шаралары қолға алынып, 50-ге жуық маман жұмылдырылған. Суды сору жұмыстарымен 8 техника айналысып жатыр. Айта кету керек, алдағы уақытта Жамбыл ауданына қарасты тағы бірнеше елді мекенді де су басу қаупі бар.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу