Қазақстандық құтқарушылардың тағы бір тобы елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылардың тағы бір тобы елге оралды

20.02.2023

Қазақстандық құтқарушылар Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті аяқтап, елге оралды. Жеке құрамның екінші тобы Астанаға бүгін түнде ұшып келді. Оларды Түркияның Қазақстандағы елшісі мен Төтенше жағдайлар министрі және әріптестері мен туған-туыстары қарсы алды.

Құтқарушылар зілзаладан зарлап шеккен Түркиядағы провинцияда, яғни, Нұрдағы, Газиантеп және Хатай қалаларында үйіндінің астында қалғандарды шығаруға атсалысты. Сөйтіп Түркияның 7 азаматын құтқарып, қирандының астынан 88 мәйітті алып шықты. Әрі 200-ге жуық тұрғынға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Құтқару операцияларының қорытындысы бойынша бауырлас ел қазақстандық мамандарға алғыс білдірді. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі де құтқарушылардың дайындығын, ұжымдағы тәртібі мен батылдығын жоғары бағалады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысқан қазақстандық құтқарушылар елге оралған соң лайықты марапатқа ие болатынын айтқан еді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу