Қазақстанда әрбір екінші жеңіл автомобильдің пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен. Мұндай көлік саны 2 млн-ға жуық. (ГРАФИКА ЛЭДКЕ) 3 аймақта 10 жылдан астам қолданылған көлік саны тым көп екен. Алматы облысында 406 мыңнан асса, Алматы қаласында 310 мың, Шығыс Қазақстан облысында 212 мыңға жуықтап қалған.
Тұтас алғанда Қазақстанда автопаркі ескі. Ал жаңаларына қатысты мынадай қызық факт бар. Еуропада көлік қозғалыс құралы ретінде ғана пайдаланылады деп жиі естиміз ғой. Олар көп бұзылмайтын, үнемді көліктер алуға тырысады. Ал Қазақстан автобизнесі қауымдастығының берген мәліметі бойынша, былтыр елімізде сатылған көліктердің тең жартысы джиптер мен кроссоверлер екен. Содан кейін ғана В-С санатына жататын седандар. Көбіне оларды такси қызметіне пайдалану үшін алады.
Көліктердің, былайша айтқанда, орта жасы өңірдегі халықтың тұрмыс жағдайына да тікелей байланысты. Орташа жалақы өзгелерден жоғары Атырау облысы мен Елордада ескі көліктер анағұрлым аз болып шықты. Атырауда 10 жылдан бері қолданыста жүрген көліктер саны жалпы автопарктің 45 пайызына тең болса, Астанада 48 пайыздан сәл асады. Бұдан мынадай сұрақ туындап отыр: автопарктің ескіруіне не себеп? Жаңаруына төмен пайызды автонесие әсер ете ала ма?
Қазір Қазақстанның автопаркінде 4 миллионға жуық жеңіл автомобиль бар. Яғни, 19 миллион халықтың 21 пайыздайы көлікке ие. Автомобиль алғысы келетіндер аз емес. Ол жуырда жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру кезінде байқалды. Autonesie.kz сайтына бір мезетте 125 мың адам кірген. Алайда жеңілдетілген несие бағдарламасы да, жаңа көліктердің өндірісі де тұрғындардың сұранысын толық жаба алмай тұр.
Анар Макашева, Қазақстан автобиснесі қауымдастығының вице-президенті:
2022 жылы Қазақстанда 100 мыңнан астам көлік құрастырылды. Бір жылда өсім 5 пайыз шамасында болды. Бұл әлем елдерімен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш. Ресми диллерлер 127 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Оның ішінде сырттан импортталғандары да бар әрине. Автосалондардан шыққан барлық көліктің 77 пайызы Қазақстанда құрастырылған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші (автосалон алдында)
Көлік құрастыру мәселесіне тағы ораламыз. Ресми диллерлер сатқан 127 мың көліктің барлығы мына жолдарда жүр деп айтуға келмейді. Көбі Ресей асып кетті дейді сарапшылар. Мынадай автосалондар көліктерін тек Қазақстан азаматтарына ғана сатады. Талап сондай. Сондықтан көрші ел азаматтары көлікті Қазақстандағы тамыр-танысының атына сатып алып, бірден есептен шығарып өз елдеріне алып кеткен. Ал кедендік одақ ішінде азаматтар өз мүлкін қайда сатам десе де өз еркі.
Абзал Дәулетов автосарапшы:
Қазақстан белгілі бір хабқа айналды. Автосала бойынша. Өйткені Қазақстан Қырғызстан арқылы бүкіл Ресей нарығын қамтамасыз етіп отыр. Ол паралельный импорт деп аталады. Оның жасыратын ештеңесі жоқ. Белгілі бір көптеген автокөліктер Ресейге кетіп жатса Қазақстан нарығында автокөлік алудың өзі де қиыншылық тудырып жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Орта есеппен 100 мыңы Қазақстанда қалды деп есептеген күннің өзінде бұл автопарктің жаңаруына әсер ете алмайды. Мәселен сіздің мынадай автосалоннан алған су жаңа көлігіңіз де әр жыл сайын бір жылға ескіретіні анық. Тура осы сияқты ел автопаркіндегі 4 миллион көлік те қартая береді. Ал орнына жыл сайын тек 100 мыңнан аса ғана жаңа көлік қосылады. Осылайша көліктер ескіре береді, орташа жасы өсе береді.
Айтпақшы қазір Қазақстанда ескі көліктер жойылмайды. Бірнеше жыл бұрын жүруге жарамсыз автомобильді тапсырып, ақша алуға болатын еді. Қазір жоба тоқтап тұр.
Ербол Сейпілов автосарапшы:
Қазіргі таңда бізде утилизациялық жүйе тоқтатылды. Алдында утилизациялық зауыттар болған. Қазір олар әрине әрекет жасамай жатыр. Болашақта жұмысын жалғастырса бұл жүйе жалғасып жаңағы ескі көліктерді утилизациялдап оларды ынталандыру саясаты жүргізілсе жалпы жақсы болады.
Жаңа көліктердің бағасына қатысты да сын көп айтылады. Онсыз да халық қымбат деп келген көліктердің құны жуырда тағы өсті.
Анар Макашева, Қазақстан автобиснесі ассоциациясының вице-президенті:
Бағаның өсуіне негізгі себеп болған логистика. Қосалқы бөлшектерді жеткізу жолдары өзгерді. Сәйкесінше баға да өсті. Оған қоса шикізат та едәуір қымбаттады. Бұл әрине көліктің бағасына әсер етпей қоймайды.
Яғни, Қазақстандағы өндіріс шетелге, валюта бағамына тікелей тәуелді. Ұсақ торапты тәсілмен тек екі модель құрастырылады екен.
Ердос Тілеубеков, дәнекерлеу цехының аға шебері:
Біздің цехта хенде маркасының екі моделі дәнекерленеді. Ол хенде акцент және тукан модельдері.
Сондықтан, отандық бөлшектердің үлесін арттыру маңызды.
Илья Рубцов, директордың өндірістік бағыт бойынша орынбасары:
Биыл біз магнитолла, орындықтар пластик бөлшектерді өзімізде шығаруды жоспарлап жатырмыз. Бұл жаңа көліктерге қойылатын отандық бөлшектердің мөлшерін арттырады.
Локализация арттырылып жатқаны туралы жылда айтылады. Бірақ әзірге халық сезініп отырған жоқ. Сондықтан сырттан тасудан басқа амал жоқ. Көкшетаулық Жәнібек Дәулетов бірнеше жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұрады. Сол жақтан Қазақстан мен Ресейге көлік жіберумен айналысады.
Жәнібек Дәулетов кәсіпкер:
Кореяда жасалатын көліктердің сапасы жоғарырақ. Ол елде екі зауыт бар. Біреуі экспортқа шығарылатын көліктерді өндірсе екіншісі ішкі нарыққа жұмыс істейді. Өздеріне жасаған көліктердің металлы, пластигі, былғарысы бәрі сапалырақ. Қосымша опциялары да көп.
Сапасынан бөлек бағасы да тартымды. Кәсіпкердің айтуынша азаматтар көбіне 3 жылға дейінгі көліктерге тапсырыс береді. Себебі одан ескілеріне алғашқы тіркеу жарнасы 1,5 миллион теңгеден асып кетеді. Автопарк ақырындап осы тәсіл арқылы да жаңарып жатыр.
Жәнібек Дәулетов, кәсіпкер:
Алғашқы тіркеу жарнасы, салықтар, утиль алым барлығын төлегеннің өзінде Кореядан жеткізу 5 тіпті 10 миллион теңгеге дейін арзан шығуы мүмкін. Қымбат көліктерден көбірек үнемдеуге болады. Ал арзан көліктер жеткізуімен есептесек Қазақстандағы жаңа көліктердің бағасымен теңесіп қалады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Айтпақшы жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бізде 2015 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Былтыр автосалондарда сатылған темір тұлпарлардың 10 пайызы осы бағдарлама арқылы несиелендірілген екен. Бұны да автопаркті жаңартуға сәл де болса үлес қосып жатқан жобалардың қатарына қосуға болады. (поворот) Сондай ақ керісінше статистиканы нашарлататын жоба да жұмыс істеп тұр елімізде. Ол жеңілдікпен заңдастыру. Кезінде өзгенің қаңсығын таңсық қылып елімізге тасып алдық. Ал қазір соларды ресми заңдастыруға кірісіп кеттік.
Ербол Сейпілов, автосарапшы:
Болжам бойынша 300 мыңнан астам автокөлік қой легализацияға жататын. Оның 80 пайызы 10 жылдан асқан көліктер. 20 жылдан асқан көліктер де бар. 10 жылдан асқан орташа есеппен. Әрине ол біздің автопаркімізге ескіртуге әсерін тигізеді. Тек қана автопарктің ескіруі емес қауіпсіздігі төмен көліктер де бар оның ішінде. Экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктер бар.
Әуелде талап бойынша тек кедендік тазартудан өткен көліктер ғана тіркелетін болған. Енді шанағы бөлек, қозғалтқышы бөлек қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген «конструктор» көліктерді заңдастыру жолы қарастырлып жатыр.
Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:
әрине бұл көлік құралдарын тіркеген күннің өзінде де белгілі бір өздерінің құжаттарын талап еткіземіз. Сондықтан қандай құжаттар керек болады, қандай амалдар жасау керек болады оның бәрі кейін қосымша айтылатын болады.
Оңғар Алпысбайұлы тілші:
Ескі көліктерден бәрі құтылғысы келеді. Автомобильге жыл қосылған сайын салығы да еселеп өсіп отырады. Күтімі де қымбаттай түседі. Адамдардың жаңасын алғысы келетіні де сондықтан. Кей елдерде тіпті 10 жылдан асқан көлікті мінуге тыйым салынған. Қазақстанда мұндай шектеулердің бірі де жоқ. Жаңа көліктің бағасын да кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Сол себепті қазақстандықтардың басым бөлігі қирап қинаса да, ескі-құсқы көлікті міне беретін тәрізді.
Оңғар Алпысбайұлы