Қазақстан – демократиялық өзгерістер жолында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан – демократиялық өзгерістер жолында

17.02.2023

Алдағы саяси науқан - билік пен халық арасына алтын көпір болар ел тарихындағы маңызды бетбұрыс. Атырау облысындағы тұрғындардың Мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты пікірі осындай.

Гүлсара Қайырова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы:

Президентіміз Тоқаевтың айтқан сөзі бар, саяси науқанды елді ажырататындай емес, біріктіретіндей науқан қылуымыз керек дейді ғой. Міне, сондықтан бұл сайлаудан менің күтетінім - халықтың үнін айтатын жаңа бір мемлекеттің қалыптасуына үлес қосса, жүйені өзгертсе деген пікірдемін.

Сәлімгерей Аймұратов, филология ғылымдарының кандидаты:

Әйел саясаткерлер мен жастарға мүмкіндік береді деп жатыр. Әйел адамдардың проблемасын әйелдік көзқараспен жеткізіп отырса, жастар да өзінің көзқарасымен тікелей билікке жеткізіп отырса, оны жоғарғы жақ талдап, шешетін болса, бұл біздің болашағымыздан бірден-бір үміт күттіретін жастарымыз болып табылады деп есептеймін.

Нұржан Құмаров, заңгер:

30 проценттік можаритарлық жүйемен Парламентке сайланады деп жатыр. Жеке адамдар өзі-өзі депутаттыққа ұсынады деп жатырмыз. Осының өзінен-ақ алдағы уақытта қандай өзгерістер болатындығын байқап, бағамдауға болады.

Мақсат Серікұлы, Абай облыстық қоғамдық кеңес мүшесі:

Саяси элиталардың келуінен, қоғамдағы өзгерістердің болуынан халық үлкен үміт күтеді. Саяси науқанға жалпы халық болып белсене қатысып, электоралды белсенділігін көрсетсе дейміз.


Ж.Темірғали

Хабарламаларға жазылу