Түркия мен Сирияда ақпанның 6-да болған 7,8 балдық жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 42 мыңнан асты. Олардың 38 мыңы Түркияда қаза тапты.
Мұнда 48 мыңдай ғимарат құлаған немесе зақымданған. Газиантеп провинциясында зілзаладан қатты зардап шеккен Нурдагы қаласын толықтай қайта тұрғызу қажет. Миллиондаған адам гуманитарлық көмекке зәру. Бірікен Ұлттар Ұйымы бейсенбі күні халықаралық қауымдастықтан зілзаладан зардап шеккендерге көмекке 1 миллиард доллар жинау туралы өтініш жасады.
Арай Төлегенқызы