Алдағы саяси науқанға Жетісу облысынан 600-ге жуық кандидат ұсынылып отыр. Мәжіліс депутаттығына 18 үміткер құжат тапсырып, олардың 13-і тіркеуден өткен. Ал облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша 66, бір мандатты округтер бойынша 63 кандидат өз бағын сынамақ. Сондай-ақ аудандық және қалалық мәслихаттарға 450 үміткер құжат тапсырған. Облыстық сайлау комиссиясымен оларға Сайлау туралы заңнамалармен қойылған талаптарға сәйкестігі тексерілді. Прокуратура мен Көші-қон полициясына тиісті сауалдар жолданып, нәтижесінде 3 үміткер тексеруден өте алмады.
Тимур Дәуітов, Жетісу облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Сайлауға барлығы 11 аумақтық, 145 округтік және 458 учаскелік сайлау комиссиялары қатысады. Жалпы 3764 комиссия мүшелері бар. Сайлушылар саны шамамен 450 мың адамды құрайды.
Қ. Қанатұлы