Түркі мемлекеттері экономикалық байланысты нығайту жолдарын талқылайды. Бүгін Астанада «Түркі әлеміндегі экономикалық байланыс және интеграция» атты конференция басталды. Бауырлас мемлекеттерден келген делегаттар жиынды Түркиядағы зілзала құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен бастады. Екі күнге жоспарланған басқосуда сарапшылар қолданыстағы ұлттық стратегиялық құжаттарға сүйене отырып, алдағы бес жылдағы даму бағыттарын нақтылайды.
Шаһин Мұстафаев, Түркі академиясының президенті:
Біз экономикалық ынтымақтастықты арттыруымыз керек. Сол үшін түбі бір түркі бауырларды бір жерге жинап, кеңес өткізіп жатырмыз. Жиынға негізгі мемлекеттік органдармен қатар экономикалық қатынастарды зерттеу институттарының өкілдері де қатысып отыр. Қазір ортақ жобаларды жүзеге асыратын тұрақты алаң құру мәселесі талқыланып жатыр.
Серік Селеубай