Қоғам пікірі: Халықтың сенімін еселейтін науқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам пікірі: Халықтың сенімін еселейтін науқан

16.02.2023

Алдағы өтетін сайлау халықтың болашаққа деген сенімін еселейтін саяси науқан. Конституциялық реформа бәріне бірдей мүмкіндік беріп, Мәжіліс немесе мәслихат мінберінен өз пікірін жеткізуіне жағдай туғызып отыр. Ал бұл демократиялық мемлекеттің басты қағидаттары, дейді қазақстандықтар.

Әбілқайыр Оралов, қала тұрғыны:

Басты бір ерекшелік, азаматтардың белсенділігі артқандығы. Қандай сайлау болса да едәуір жоғары пікірлері және де әркім өзінің пікірін айтып, әркім өзінің кандидатурасын ұсынып, ал бірақ басты масқат ел игілігі, ертеңгі болашақ.

Ермек Келемсейіт, Жетісу облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Мәжіліске 29 депутатты одномандаттық, бір мандаттық жүйемен сайлауға баратын болғанына қазір барлық партиялар, барлық өзін-өзі ұсынам деген адамдар ұмтылып жатыр. Бұл нені білдіреді? Бұл демократияның алғы шарттары. Жақсы.

Қадіржан Жексенов, Д.Қонаев атындағы қоғамдық қор төрағасы:

Халықты жақтайтын, халықтың сөзін сөйлейтін адамдардың өзі жеке барып, халық еркімен оларға дауыс беруге ыңғайланып жатыр, сайланып жатыр. Сайланады ғой. Осының барлығы жаңалық деп ойлаймын. Әрине халық ішінде жақсы қабылданып жатыр.

Жұмахмет Жайлаубаев, Қазақстанның Құрметті журналисі:

Қара халықты жамандай бергенше кішкене шырақ жағып қой деген сөз бар. Сол қазір біздің қоғамда әрқайсымыз бір кішкене шырақ жағып, ертеңгі болашағымызды жақсартуға, жарқын болуына, үлес қосуға бір жақсы бір сәтті кезең деп ойлаймын.


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу