Елді демократияландыру үшін дискурс қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елді демократияландыру үшін дискурс қажет

16.02.2023

Елде демократияны қалай дамытуға болады? Бұл туралы «Ашық саясат» сараптамалық клубының отырысында талқыланды. Елімізде алдағы уақытта болатын өзгерістердің жайы да сөз болды. Сарапшылар өз ұсынысын айтып, пікір алмасты. Тарих ғылымдарының кандидаты Арман Ешмұратовтың сөзінше, қазір қоғамда дискурс қалыптастыру керек. Соның арқасында халықта байыпты көзқарас, ой-пікір пайда болады. Нәтижесінде, қоғамдағы ахуал оң бағытта өзгермек-дейді.

Арман Ешмұратов, тарих ғылымдарының кандидаты:

Демократияның перспективаларына келсек, біз міндетті түрде институттарды күшейту керек. Ол енді білесіздер Мемлекет басшысы өзінің жолдауында да, сайлауалды бағдарламасында да айтып кеткен. Қандай қоғам құрамыз? Ең бастысы - әділ қоғам, әділ мемлекет, әділ экономика қалыптасу керек.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу