Шығыста тасқынға дайындық шаралары пысықталып жатыр. Жолдар мен көпірлер шыдас бере ме, жоқ па түгел тексерілуде. Жалпы аймақта облыстық деңгейде 1579 жол мен 85 көпір және 1627 су өткізгіш құбыр бар. Салаға жауапты мекеме мамандары бүгінге дейін су басуы мүмкін 13 аумақты нақты анықтады. Ол жерлерде қазір тасқынға тосқауыл қойылып жатыр. Қар тазалау жұмысына 79 техника тартылған. Былтыр облыс көелімнде 6 су өткізгіш құбыр мен 1 шағын көпір салынды.
Олжас Керейхан