Украина қарулы қақтығыста жеңуі үшін өзіне қажетті қаруға қол жеткізуі тиіс. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресей бейбітшілікке емес, жаңа шабуылдарға дайындалып жатыр. «Сол себепті НАТО Киевті қажетті қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс» - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елдің шығысындағы Бахмут қаласында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Ресей күштері жергілікті әскерді ығыстырып, бірте-бірте басымдық таныта бастады. «BBC»-дің мәлімдеуінше, Мәскеу қалаға апаратын екі негізгі жолды бақылауға алған. Енді олар Украина әскеріне құрал-жабдық жеткізетін тар жолды басып алуға тырысып жатыр.
Арай Төлегенқызы