Биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған жастар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданады. Қазір елімізде маман даярлайтын үш әскери институт бар. Жақсы әскери дайындықты көрсеткендерге оқу тегін болмақ. Яғни, оқу қаражатын институттар өздері өтейтін болады. Сондай-ақ, институттар жанындағы құрылған әскери кафедрларда оқу барлық студенттер үшін тегін болады. Әскери институттарға оқуға құжат тапсыру үшін 30 сәуірге дейін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына өтініш жазуы керек.
Жұмабек Ахметов, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери оқу орындарына қабылдау мынандай тәртіппен жүзеге асырылады. Бірінші кезең - кәсіби-психологиялық іріктеу, екінші кезең - әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес қорытынды медициналық тексеру, үшінші кезең - денешынықтыру дайындығын тексеру, төртінші кезең - конкурстық іріктеу және қабылдау.