Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 761 өтініш қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша 761 өтініш қабылданды

14.02.2023

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы арқылы көлік алуға ел бойынша 761 өтініш қабылданды. Соныңі 3-еуі Маңғыстау облысынан. Алғашқылардың бірі болып осы бағдарлама бойынша көлік алғандардың бірі - Ақтау қаласының тұрғыны Камила Керекбаева. Ол электронды портал арқылы өтінішін 11 секундта жіберіп үлгерген. Арызы бірден мақұлданып, су жаңа автокөлікке қол жеткізді. Несиені 7 жылда, айына 138 мың теңгеден төлеп қайтармақ.

Камила Керекбаева қала тұрғыны:
Еш қорқыныш, күмән болған жоқ. Бәрі шынайы екенін айта аламын. 6 күн ішінде алып тұрмын автокөлікті. Өте қуаныштымын. Алған көлігімді міне балама табыстап тұрмын, өзінің туған күніне арнап. Мемлекеттік бағдарлама 4 пайыздық өте тамаша болып жасалған бағдарлама екен. Өте тиімді.
Ал, шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша, алғашқы 20 күннің ішінде елімізде 27 мыңға жуық көлік тіркелді. Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілген. Сондай-ақ, заңдастыру процесінде көбіне басқару органдары рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерге қатысты мәселе туындаған. Аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан аумағында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірледі. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу