Үкімет басшысы: Мектеп ішінде де қауіп бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы: Мектеп ішінде де қауіп бар

14.02.2023

Мектеп ішінде де қауіп бар. Білім ордаларына кіре беріс жерлерде бақылауды күшейту қажет. Кеше Петропавлда болған оқыс жағдайдан кейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды. 

 Дарын Сағитов, тілші: 

Алдымен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаны тергеу туралы баяндады. Күдікті қазір қамауға отыр. Үкімет басшысы мұндай оқиғаның келешекте қайталанбауы үшін бірқатар министрліктерге нақты тапсырма берді. Бұл өте қауіпті жағдай деді Әлихан Смайылов. Оқиға халықтың арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болу керек. Сондықтан бұл мәселені қайта қарап, білім ошақтарында егжей-тегжей тексеру жүргізу қажет деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, ол бейнекамералардың санын көбейтіп, мектепке кіреберіс жерлерде бақылауды күшейту мәселесін қарау керектігін айтты. 


Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Ішкі істер министрлігі келісілген ұсыныстарды енгізсін. Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларды емдеуді ерекше бақылауға алсын. Оқу-ағарту министрлігі Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірлесіп қауіпсіздік сабақтарын әзірлеуі қажет. Балалар әртүрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін нақты білуі тиіс»


Хабарламаларға жазылу