Жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған: Дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүрегі бір күнде 53 рет тоқтаған: Дәрігерлер ауыр халдегі науқасты аман алып қалды

13.02.2023

Астанада миокард инфарктімен №2 ауруханаға жеткізілген науқасқа 10 минуттан кейін ота жасалған. Күрделі операция кезінде оның қан айналымы жиі бұзылған. Бір күнде 53 рет жүрегі тоқтаған әйелге дәрігерлер жасанды жүрек пен өкпе аппаратын қосуға мәжбүр болған.

Науқас 35 күннен кейін есін жиды. Қазір жағдайы бірқалыпты.

Хабарламаларға жазылу