Жаңа Зеландияда қатты дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда қатты дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды

13.02.2023

Жаңа Зеландияға габриэль дауылы соққы берді. Елдің солтүстігінде толассыз нөсер жауып, қатты жел соғып тұр. Осыған байланысты елдің 5 миллионнан астам адам тұратын 9 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. 46 мың тұрғын жарықсыз қалған. Жүздеген ұшақ рейсі тоқтады. Мектептер, жергілікті мемлекеттік мекемелер жабылды. Қозғалысты шектеу табиғи апатпен күресу, мұқтаждарға көмек жеткізу үшін қажет.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу