Аралас сайлау жүйесін қолдану аймақтар үшін тиімді болмақ. Себебі өңірден өкілдер сайланады. Бұл саяси партиялардың да бәсекелестігін арттырып, жұмысын жандандыруға сеп болмақ. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілі Алуа Жолдыбалинаның сөзінше, бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша үлкен тартыс болғалы тұр.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
Бірмандатты округ ішінде үлкен тартыс, қызу дода болады. Не себепті? Әсіресе, Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстарында өзін-өзі ұсынған кандидаттардың саны өте көп.
Фариза Мұсақызы