Қазақстан жіберген 50 тонна гуманитарлық көмек Алеппоға жетті. Жүктің аман жетуін қадағалауға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының өкілі Ерлан Байдәулет те аттанды. Сирияда делегацияны Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби күтіп алды. Ол қиын шақта қол ұшын созған Қазақстан халқына алғыс білдіріп, бұл көмек ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.
Серік Селеубай