Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты

11.02.2023

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 24 мыңнан асты. Біріккен Ұлттар Ұйымы зілзаланы өңірде соңғы 100 жылда болған ең ауыр апат деп мәлімдеді.

Түркияда жер сілкінісі кезінде жараланған 80 мыңдай адам ауруханада емделіп жатыр. Бір миллионнан астам тұрғын үйсіз қалған. Ал BBC-дің хабарлауынша, шағын дүмпулер әлі де қайталанып жатыр. Бүгін Газиантеп қаласы маңында тағы да 4,5 балдық дүмпу тіркелді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу