Дені саяси партиялар атынан ұсынылған әр саланың мамандары. Аймақта бір мандатты бір сайлау округі құрылған. Мұнда облыс тұрғындары Парламент Мәжілісіне депутат болуға лайық бір үміткерді ғана таңдайды. Ал облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан берілетін орындарға 794 үміткер таласады. Ең жас кандидат 21-де, егде тартқаны 66 жаста. Сайлау күні облыс бойынша 748 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Әсия Дуанбаева, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Бәсекелестік өте жоғары. Аймақтағы барлық кандидаттар саны 810 адам. Оның 16-сы Мәжіліске, 61-і облыстық, 186-сы қалалық, 547-і аудандық мәслихаттар депутаттығына мандат алу үшін сайлауға түседі. Бір орынға 4-5 адам ұсынылған округтер де бар.
Дәуренбек Әбдібек, Қыдырәлі Ахметбеков