Ақтөбе қаласында Түркия мен Сирия жұртшылығына гуманитарлық көмек жинауға арналған 2 орын ашылды. Тұрғындар әкелген заттар алдымен еріктілердің кеңсесіне жиналып, кейін Жаңақоныс ауылындағы қоймаға жіберіледі. Бұл қабылдау пункті 21 ақпанға дейін тәулік бойы жұмыс істемек. Содан соң барлық жиналған зат Анкараға жөнелтіледі. Еріктілер игі іске тұрғындарынан бөлек, кәсіпкерлер де атсалысады деп үміттенеді.
Полина Ромашова, ерікті:
Жылы киімдер, жөргектер, балалар тамағы мен дәрі-дәрмектер қажет. Сондай-жылы көрпе-көпшіктерді де қабылдаймыз. Ақтөбеліктер бұған дейін де белсенділік танытып келеді. Бұл жолы да солай болады деп ойлаймыз.
Ж.Кемал, А.Айтмағамбетов