Бірқатар облыстың әкімі Президентке есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар облыстың әкімі Президентке есеп берді

10.02.2023

Бүгін Мемлекет басшысы Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдерін қабылдады.

Президентке аймақ басшылары өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспары жөнінде баяндады. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өңірде былтыр 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Тартылған инвестиция көлемі 16 пайызға артып, 762 миллиард теңгеге жеткен. Ал шағын және орта бизнестің саны 33 пайызға өскен.

Ал Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3 триллион теңгеден асқанын айтты. Салаға 75 миллиард теңге инвестиция тартылды. Жеті ауылға су жеткізілді. Биыл 25 елді мекенге ауызсу құбырын тартып, тозығы жеткен су желілерін жаңарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ тасқыннан зардап шеккендерге қатысты айтылды.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі:

Нақты тапсырма бойынша зардап шеккен азаматтарымыздың бәрін тұрғын үй болсын немесе қорасы болса солардың бәрін қалпына келтіруге көмек беру. Және де соларға жағдай жасау.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу