Абай облысында отандық тауар өндірушілер көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында отандық тауар өндірушілер көбейген

10.02.2023

Абай облысында жеңіл өнеркәсіп, тағам өндірісі мен құрлыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың саны артып келеді. Олар бүгін өз өнімдерін жергілікті тауар өндірушілер көрмесінде таныстырды. Қазір тек облыс орталығының өзінде 500 ден астам кәсіпорын бар. Ірілі-ұсақты өндірістер 60 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Мемлекет қолдауының арқасында өндірушілердің кейбірі тауарларын экспортқа да шығара бастаған.

Арайбек Амангелдіұлы, қалалық Кәсіпкерлік бөлім басшысы:

Біздің өңірде де, Қазақстанда жасалған тауарлар шет мемлекеттерден сапасы еш кем түспейтіннін көрсетті. 2022 жылды айтатын болсақ 800 ден аса жоба өнеркәсіптік грант алды. Оның ішінде субсидияы бар. Басқа да мемлекеттік қолдаулар бар.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу