Бірер күн бұрын зілзаладан кейін Сирияда үйінді астында дүниеге келген нәрестені құтқару сәтін көрсеткен едік. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, ата-анасыз қалған Айя есімді сәбиді асырап алуға әлеуметтік желі арқылы мыңдаған адам ниет танытқан. Қазір Айя ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты.
Жалпы елде апат құрбандарының саны 3300-ден асты. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмектің алғашқы легі кеше жеткен. Логистикалық қиындықтар мен жолдардың бұзылуына байланысты елдің солтүстік-батысына жүк көліктерін кіргізу мүмкін болмаған еді.
Арай Төлегенқызы