Жамбылдықтар Түркия еліне 120 тонна гуманитарлық көмек жібермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдықтар Түркия еліне 120 тонна гуманитарлық көмек жібермек

10.02.2023

Жамбылдықтар зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 120 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді. Облыс тұрғындары арнайы қор ашып, екі күн ішінде 9 миллионға жуық қаржы жинаған.

Қазір Байзақ ауданының 5 ауылы мен Тараз қаласында 20 тонналық 6 жүк көлігі қойылған. Жиналған қаржыға азық-түлік, киім-кешек пен көрпе төсек сатып алынды. Бұдан бөлек, жергілікті жұрт та барымен бөлісіп жатыр, ал облыстық Ассамблея өкілдері мен Жастар орталығының еріктілері жылу жинауға кіріскен. Жүк көліктері бүгін Алматы қаласының әуежайына жолға шығады. Әрі қарай гуманитарлық көмек елшілік ұсынған ұшаққа тиеледі.

Ислам Бишлеев, Қостөбе ауылының тұрғыны:

Түркия елшілігімен хабарласып, бізге ұшақ берді. Екі мың адам жиналды. Сол ақшалай бір шот ашып, сол шотқа ақшаны жіберді. Ең қажетті заттарды алып жіберейік дедік.

Нұрдос Болатұлы


Хабарламаларға жазылу